Сайлау күні тұрақты жұмыс істейтіндер коронавирусқа қарсы тексеруден тегін өтеді

Яғни сайлау комиссиясының мүшелері, байқаушылар және депутаттыққа үміткерлердің сенімді өкілдерін вирусқа тексеру тегін жүргізіледі. Оған қажетті қаржы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебінен алынады. Әзірге сомасы белгісіз. Өйткені байқаушылар тізімі әлі де нақтыланып жатыр. Сондай-ақ сайлау бөлімшесінде дауыс берушілердің температурасы өлшеніп, арақашықтық сақталуы қажет. Ал егер сайлаушының дене қызуы 37 градустан жоғары болса, таңдауын арнайы оқшауланған бөлмеде жасайды.
24.kz/kz