Сайлаудың маңыздылығы түсіндірілді

Семинарды облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Қожамжар Наурызбаев, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Әділбек Бөрібайұлы, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Қонақбайұлы, облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Аягөз Сырлыбаева жүргізді.
Ең алдымен сайлау институты демократиялық мемлекеттің жұмыс істеу негізі ретінде Қазақстан Республикасының сайлау құқығы: қазіргі жағдайы және даму үрдістері тақырыбында сөз алған Қожамжар Наурызбаев бірқатар жағдайларды баяндап өтті.
– Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай бірнеше мәрте сайлау өткізіп, халық өздерінің таңдауын жасады. Міне, кезекті мәслихат депутаттарын сайлау күні де жақын қалды. Бұл саяси доданың бір ерекшелігі – елдегі ахуалға байланысты барынша оңтайландырып жасалуы. Соған байланысты бізге жоғары талаптар қойылып отыр, – деген ол жаңа ережелермен таныстырып өтті.
Алда өтетін сайлау еліміз үшін маңызды. Семинар барысында қатысушыларға жан-жақты мәліметтер беріліп, танымдық сабақтар мен пікірталас өткізілді. Семинар соңында тыңдаушыларға арнайы сертификат табысталды.

«Толқын» ақпарат