Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүйелі жұмыс және жетістік

Жүйелі жұмыс және жетістік



Жылдың жаманы болмайды. Қазақертеден-ақосылайдепайтыпкеткен. Бірақ жылдың да жақсы-жаман мінезі барын естен шығармау абзал. Тарих қойнауына аттанып кеткелі тұрған 2020 жыл тек бізгеемес, әлем жұртшылығын әбігерге салғанын мінезтанытқаныдепбілгенжөнболар. Десе де денсаулық пен сақтықтыңқадірінтүсіндіргенөткенжылғаартарөкпежоқ. Ертеден қалыптасқан ескі дәстүрден аттамай, жаңа жылда жарылқа, ескі жылда есіркедейміз.

Әр күнінен мол үміт күтетін халқымыз әдетте тышқан жылын берекеге толы жыл деп жатады. Сырқат елімізді елеңдеткенімен, расында, биыл көптеген жоба жүзеге асып, бірқатар күрделі мәселе шешімін тапты. Ең бастысы, билік пен халық арасындағы қашанда үзілмей келе жатқан байланыс күшейе түсті. Көп жылдан бергі жаңа идеялардың іс жүзінде оң нәтижесін көруге мүмкіндік туды. Түрлі салаға жаңалықтар енгізіліп, жемісіне қол жетті.
Атап айтар болсақ, бір ғана ауданымыздың өзінде аралдықтардың бірнеше жылдан бергі сұранысына да айналған сауалдар шешімін тауып, бүгінде халық игілігін көріп отыр.
Ауылдарғаауызсужеткізілді
Расында, бұл сөзімізге Шөміш пен Қарашалаң елді мекендеріне ауызсу пайдалануға берілгендігі дәлел бола алады. Аймақ басшысы арнайы келіп тарту еткен «Өңірлерді дамыту–2020» бағдарламасы шеңберінде іске асқан Шөміш елді мекеніндегі ұзындығы 11,9 шақырымды құрайтын ішкі су желісі кеңейтіліп және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Бүгінде ауыл тұрғындары игілігін көріп отырса, Бөген ауылдық округіне қарасты Қарашалаң елді мекені тұрғындарының да басты мәселесі таза ауызсу еді. Қазірде елді мекендегі ішкі су жүйелерінің құрылысы толықтай аяқталып, «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбырына қосылды. Нәтижесінде ауылдағы 132 үй таза судың рақатын сезінді.
Сондай-ақ қаладағы №1 мөлтек аудан тұрғындары үшін де ауызсу мәселесі толықтай шешімін тапты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жеке тұрғын үй құрылысы үшін белгіленген аудандарды инженерлік инфрақұрылыммен қамту мақсатында 11,1 шақырым болатын ауызсу желісі тартылды. Қаланың шет аймақтарындағы тұрғын үйлерге жеткізілетін су қысымын арттыру үшін насосты су айдау стансасы салынып, құрылысы толық аяқталды.
Полигон салынды
Қала тұрғындарының көптен күткен қуанышы да 2020 жылы орын алды. Қаланың солтүстік-батыс жақ бөлігінен 4 шақырым жерде салынған қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны да жақын уақытта толықтай өз жұмысын бастайды. Жалпы аумағы 5 гектарды құрайтын қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында 3 бөліктен тұратын шұңқырлар қазылған. Алдағы уақытта қалдықтарды сұрыптау жолдары қарастырылмақ.
Білім беру ісіне басымдық бар
Биыл жаңашылдықтың жемісін көрген саланың бірі – білім беру саласы. Мемлекет басшысының басты назарында тұрған сала аудан көлемінде де жаңалықтарға жарлы емес. Мәселен, ескі ғимараты апаттық жағдайда деп танылған оқушылар үйінің құрылысы жайлы басылымымызда да жиі айтып келгенбіз. Міне, сол қуатты әрі заманауи жабдықталған нысанның құрылысы толықтай аяқталып, білімге, ғылымға, жаңашылдыққа және өнерге құштар балдырғандарға қуаныш сыйлады. Нысанның құрылысы былтыр мамыр айында басталған, жаңа ғимараттың сыйымдылығы 250 адамға лайықталған.
Сонымен қатар Сексеуіл кентін қақ жарып өтетін темір жолдан оқушыларға келер қауіпті болдырмау мақсатында кенттен жаңа мектеп құрылысы салынды. Аяқталар уақыты да алыс емес. Ал апатты жағдайдағы мектептер мен балабақшалардың да мәселесін шешу жолы қарастырылып жатыр.
Деннің саулығы – елдің саулығы
Мемлекеттің басты капиталы – адам дейтін болсақ, әр азаматтың денсаулығы үшін мемлекет жауапты. Осыған орай биыл Шижаға елді мекенінен жаңа дәрігерлік амбулатория салынып, тұрғындарға пайдалануға берілді. 15 бөлмеден тұратын жаңа медициналық ғимаратта дәрігерге дейінгі көріну, қабылдау, тіркеу, егу, химизатор және әйелдер қарау бөлмелері, лаборатория, дәрі сақтайтын қойма, ана мен бала және күндізгі емдеу бөлмелері бар. Қазір мұнда 15 қызметкер жұмыс істейді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында бой көтерген бұл нысанның елге тигізер пайдасы көрініп-ақ тұр.
Баспаналы болуға қолдау жасалды
Қай кезден де тұрғындардың сұрауынан түспейтін сауал – баспанаға қол жеткізу. Осы бағыттағы жұмыстар да аудан көлемінде жүйелі түрде істеліп келеді. Нақтырақ айтар болсақ, тұрғын үй кезегінде тұрған барлық азамат үшін 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы аясында қаланың 4-ші мөлтек ауданынан 1 қабатты 4 пәтерлік 10 тұрғын үй салынды. Баспаналы болуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында баспана кезектілігінде тұрған азаматтар қоныс той тойласа, бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Қаланың өркениетін білгің келсе, жолына қара
Биыл автомобиль жолдары бойынша «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында 2 жоба жүзеге асырылып, ұзындығы 22,32 шақырымды құрайтын Арал қаласындағы  33 көшенің автожолдарының 25-не асфальт жабындысы, 8 көшеге қиыршық тас төселсе, ұзындығы 1 шақырым болатын аудандық маңызы бар «Ескіұра елді мекеніне кіреберіс» автомобиль жолының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ал «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға ұзындығы 2 шақырым болатын «Тоқабай елді мекеніне кіреберіс» автожолдың, 1,2 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қалған бөлігі келер жылы қаржының бөлінуіне қарай жалғасын табатын болады. Сонымен қатар жолдарды күрделі және орташа жөндеу бойынша 7 жоба жүзеге асырылып, 2019 жылы басталған 4,9 шақырымды құрайтын «Ақлақ-Қаратерең» автожолының 2,5 шақырымы,  1,2 шақырым болатын «Самара-Шымкент-Бекбауыл» автожолының 0,6 шақырымы орташа жөндеуден өткізілсе, биыл қалған бөлігі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ қаладағы Ә.Қаюпов, Астана, Ақтан батыр көшелерінің автожолдары жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ аудан бюджетінен бөлінген қаржыға Арал қаласынан салынатын темір жол өткелі арқылы автомобиль көпірі құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Қазіргі таңда көпірдің ЖСҚ-ын әзірлеуге қажетті қаржыны бөлу жөнінде тиісті салалық басқармаларға бюджеттік өтінім тапсырылды.
Кентке көгілдір отын келді
Жылдың басты жаңалығының бірі Жақсықылыш кентінде орын алды. Кент тұрғындары былтыр басталған жұмыстың жемісін татып, көгілдір отын пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Жоспар бойынша 852 жеке сектор газ желісіне қосылуы тиіс болса, бүгінгі таңда 500-ден аса тұрғын үй көгілдір отынның игілігін көруде.
Ұялы байланыс елді мекендерге жетті
2020 жылдың тағы бір жаңалығы аудандағы ұялы байланыстың аумағы кеңеюі. Шалғай елді мекен тұрғындары үшін ұялы байланыстың қол жетімді болуы үлкен қуаныш. Жыл басындағы жоспарға байланысты 18 елді мекен байланыспен қамтылу қажет болса, қазіргі таңда бірқатары іске қосылып, игілігін көріп отыр.
Төл басылымның 90 жылдығы
Міне, осындай ақжолтай жаңалықтардың жаршысы, халық пен билік арасында ажырамас көпірге айналған аудандық «Толқын» газеті биыл 90 жылдығын атап өтті. Осынау мерейлі сәтте аудан басшысының қолдауымен газет тойы өз дәрежесінде ұйымдастырылды. Ақпарат айдынына желкен керген ғасырға жуық тарихы бар төл басылымның журналистері мен ардагер қаламгерлерге құрмет көрсетілді.

Оңталап ЖОЛДАСОВ,
Арал қаласы



03 қаңтар 2021 ж. 265 0