Көше сәні – жол, сен де жанашыр бол

Осы орайда бір айта кетерлігі, аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың игі іске ұйытқы болған іскерлік еңбегі деп айтар едім. Осы уақытқа дейін лай кешкен көше тұрғындарының өтінішін арқалап, қаншама басшының кезінде де табалдырық тоздырдым. Десе де халықтың жағдайымен жақын таныс ауданның перзенті Мұхтар баламыз басшылыққа келгеннен кейін ғана көш қозғалғандай болды. Жұрттың сөзін облыс, республи- ка көлемінде жиі айтып жүрді. Нәтижесінде жолдың жемісін көріп отырмыз. «Бітер істің басына, жақсы ке- лер қасына» деген осы болар.
Сонымен қатар Абай даңғылы бойындағы жүйелі жұмысты айта кетпесек болмас. Қалаға кіреберістегі көшенің көркі ажарланғалы тұр. Абаттандыру жұмыстары мен жол жиегіне орнатылған лед экрандар бұл ойымызға дәлел болады. Рас, халық арасында бұл бастаманы құптаушылар қатары көп.
Жақсыбай ЖҰҚАБАЕВ,
Т.Тоқтаров және М.Өтемісұлы көшелері комитетінің төрағасы