Келбеті келіскен көше

Мәдениет атаудан басталады. Біз қайбір жерге кімнің есімін берсек те, ол жер соған лайықты болуы керек. Қаланың кіреберіс қақпасынан темір жолға келіп тұйықталатын кең көшенің аты ұлы Абайдың есімімен аталады. Көлік нөпірі арылмайтын ұлы даңғылдың күні кешеге дейін жарық көрмей, құр асфальтпен тұрғанын былайғы жұрт жақсы біледі. Оны жиырманың үстіндегі көше қиып өтеді. Кіреберіс пен орталықтың арасын жалғайтын көше бүгінде аудан орталығындағы ең көрікті жердің біріне айналып келеді. Өткен жылы осы көшені кеңейту жұмыстары жүргізілсе, биыл жиегіне бордюр орнатып, жаяу жүргіншілер жолына брусчатка төсеумен қатар, абаттандыру жұмыстарына да лайықты көңіл бөлініп жатыр.
«2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қолға алынып жатқан 33 көшенің автожолдарына орташа жөндеу жұмыстары бүгінде қарқынды жүргізіліп жатқан болса, соның басым көпшілігі біз әңгімеге арқау еткен Абай көшесімен қиылысып жатыр. Бұл жұмыстарға жергілікті тұрғыннан 58 адам тартылып, жол жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда. Жауапты мердігер мекеме ретінде «Арал құрылысы» ЖШС жұмыс істеуде.
Сондай-ақ Арал қаласындағы Абай көшесін абаттандыруға байланысты бордюр орнату, брусчатка төсеу, басқа да безендіру жұмыстары жүргізілуде. 14 адам жұмыспен қамтылды. Мердігер «Наурыз құрылыс» ЖШС көше бойына арнайы темір қоршаулар орнатуда. Бұл қоршауларға алдағы уақытта әр маусым сайын әдемі гүл отырғызылып, кең көшеге ерекше сән беретіні сөзсіз. Міне, көшеге жасалып жатқан осындай жұмыстар биылғы жылда ұлы тұлғаға көрсетілген құрметтің бір парасындай болары анық.
Иә, кемел ойдың иесі, хәкім Абай – біздің бағдаршамымыз. Аудан орталығына алыс-жақын аудан, облыстардан келген қонақтар қаладағы Абай көшесімен жүргенде ерекше әсерге бөленіп, бұл көшенің атауына қарап жақсы бағасын беріп жатса, бабаға деген құрметіміздің бірі болмай ма?! Ұлы тұлғаның 175 жылдығына мемлекеттік деңгейде мән берілуде. Мәселен, осы жылдан бастап 10 тамыз атаулы күн ретінде, яғни Абай күні ретінде белгіленді. Бұл күні мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін іс-шаралар өскелең ұрпаққа рухани азық болмақ.