Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӨШЕ КОМИТЕТТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 20 ЖЫЛ

АРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӨШЕ КОМИТЕТТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 20 ЖЫЛ

Бүгін Арал қаласы бойынша көше комитеттерінің құрылғанына 20 жыл толды.
Осыған орай, аудандық мәдениет үйінде «Туған жерім – Тұғырым» атты мерекелік шара өткізілді.
Шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып:-«Осыдан тура 20 жыл бұрын, 1999 жылдың   31 мамыры күні қалада көше комитеттерін құру бастамасы көтеріліп, бірауыздан қолдау тапқан болатын. Мұндағы басты мақсат – халық пен билік арасында тығыз қарым-қатынас орнатып, тұрғындар арасындағы маңызды мәселелерді шешу жолдарын қарастыру болды. Содан бері өздеріңізге артылған сенімді әлі күнге дейін зор жауапкершілікпен атқарып келе жатқан Сіздерге айтар алғысым мол»- деп мерекелік лебізін білдірді.
Жиын барысында ұзақ жылдар бойы ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, қаланың гүлденуі жолында еңбек етіп келе жатқан бірқатар көше комитеттері Арал ауданы әкімдігінің және аудандық мәслихаттың «Құрмет грамотасымен», «ҚР Экология саласына 30 жыл медалімен», «Қызылорда қаласына 200 жыл» мерекелік медалімен, «Алаш парызы» қоғамдық қорының «Бөкенбай Қарабатырұлы» медалімен, Бауыржан Момышұлының «Батыр Шапағаты» медалімен және аудан әкімінің «Алғысымен» марапатталды.
Мерекелік шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Айта кетейік, қазіргі таңда Арал қаласындағы 207 көшеде 141 көше комитеті қаланың тазалығы мен тыныштығын сақтауда және тұрғындар арасындағы  түйткілді мәселелердің оңтайлы шешілуіне өз үлестерін қосып келеді.
Толқын ақпарат
31 мамыр 2019 ж. 1 400 0