Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Аудандық мәдениет үйінде жаңа жыл мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
Мерекелік шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудан тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап:- «2018 жыл еліміз үшін толағай табыстар мен саяси оқиғаларға толы жыл болды. Ауданда көптен бері қордаланған мәселелер шешімін тауып, ауқымды жұмыстар атқарылды. Бірнеше әлеуметтік нысандар салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді»-деп жыл көлемінде атқарылған жұмыстар мен жетістіктерге тоқталды.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында бірқатар аудан азаматтары «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісімен,«Құрмет грамотасымен» және Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталды. Сондай-ақ, жыл қорытындысымен әр сала үздіктеріне «Жыл үздігі-2018» номинациясы табысталды. 
Жаңа жылдық кеш аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.
28 желтоқсан 2018 ж. 1 311 0