Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

Орталық алаңда жаңа жыл мерекесінің шырайын келтіріп, айшықтай түсетін шырша шамын жағу рәсімі өтті. Аталған шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудан көлемінде жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталып, тұрғындарды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Аяз ата мен Ақша қарды ортаға алып, ән шырқап, би билеген ертегі кейіпкерлері жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қала тұрғындары мен қонақтары өнерпаздардың өнерін тамашалап, мерекелік көңіл күйде тарқасты.
27 желтоқсан 2018 ж. 1 600 0