Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 4 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

4 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі де солтүстік антициклон жотасы ықпал етеді. «Қазгидромет» РМК-сы қаңтардың төртіне арналған ауа райы болжамын жария етті.

Ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек елдің батыс, солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады. 
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болып, оңтүстігінде жел күшейеді. Батыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Түркістан облысының кей жерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 
Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Алматы облысының кей жерлеріне тұман түседі. Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді. Қызылорда облысының кей жерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау, Ақтөбе, Манғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жеріне тұман түседі. Түнде Алматы облысының басым бөлігінде, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде қатты аяз, Алматы облысының кей жерінде өте қатты аяз болады.
baq.kz
04 қаңтар 2021 ж. 280 0