Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 27 желтоқсанға арналған ауа райы

27 желтоқсанға арналған ауа райы

  baq.kz Синоптиктердің болжауынша жұмада еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.

Қазақстан аумағының батыс бөлігіне Қара теңіз аймақтарынан ауысатын циклон әсер етеді, сондықтан батыс пен солтүстік-батыстың кей жеріңде жаңбыр, қар жауады. Қалған өңірлерде атмосфералық қысым жоғары болады, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. 

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал, жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Ақтөбе облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Муғалжар ауданында желдің екпіні 18 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерінде тұман, күндіз бұрқасын, көктайғақ, жел тұрады, жылдамдығы 18 м/с. 

Алматы облысының түнде кей жерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, Атырау облысында көктайғақ болады.
27 желтоқсан 2019 ж. 532 0