Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бұрқасын, тұман, көктайғақ – ауа райы

Бұрқасын, тұман, көктайғақ – ауа райы

  baq.kz Синоптиктердің болжауынша бейсенбіде күні еліміздің кей жерінде бұрқасын болып, жел күшейеді.

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай,Қазақстан территориясының басым бөлігіне Атлант мұхитынан келетін антициклон әсер етеді, жауын-шашын тоқтайды. Тек республиканың солтүстік және шығыс бөліктері әлі де фронталды аймақта болғандықтан кей жерде қар жаууы мүмкін. Республиканың кей жеріңде тұман, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасындатып, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жеррінде жаяу бұрқасын болады, түнде Павлодар облысында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі, Ақтөбе облысында жел тұрып, жылдамдығы 18 м/с жетеді. 

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсуі ықтимал, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде кей жерде тұман күтіледі.
26 желтоқсан 2019 ж. 1 300 0