Қызылордада 14 мыңнан астам азаматтың өсімпұлы кешірілді

Сондай-ақ, биылдан бастап мүлік және жер салығы біріктірілген бюджеттік жіктеу коды арқылы төленеді. Яғни, салықтың 2 түрі үшін бір төлем жасалады, ал есептелуі бөлек жүргізіледі.
Жеке тұлғалардың көлік құралдары салығының төлеу мерзімі 1 сәуірге дейін ұзартылды. Бұған қоса, 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін пандемиядан зардап шеккен шағын және орта бизнес субьектілері үшін бөлшек салық төлеу түрінде ерікті арнаулы салық режимі енгізілді. Яғни 3 пайыз мөлшерінде бөлшек салығы салынады.
kyzylorda-news.kz