Қызылорда облысында бір жылда 20 мыңға жуық сәби дүниеге келді
Қызылорда облысында былтырғы жылдың 11 айында 19699 нәресте жарық дүниеге келген. Бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,4 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысында 813,2 мың адам тұрады. Олардың арасында қалада 364,1 мың, ауылда 449,1 мың адам өмір сүреді.
Өткен жылдың 11 айында өңірге 22 мың 884 адам көшіп келсе, өзге аймаққа 27 мың 271 тұрғын қоныс аударған. Алыс және жақын шет елдерден 41 адам Қызылордаға қоныс аударған. Ал өзге облыстардан 6 мың 477 адам облысқа көшіп келді. Облыстың 16 мыңнан астам тұрғыны облыс ішінде тұрғылықты орнын ауыстырды.
«Былтырғы жылдың 11 айында 19 мың 699 сәби дүниеге келген. Ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 11,4 пайызға өскен. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 26,61 баланы құрады.Облыста 5 мың 273 жұп некелескен. Оның ішінде Қазалы ауданында 516 жұп шаңырақ көтеріп, аудандар арасында көш бастап тұр», – деді облыстық статистика департаменті.
inform.kz