Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан территориясының басым бөлігіне әлі де Солтүстік антициклон жотасы ықпал етеді және басым бөлігінде қар, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайдыҚазгидромет.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында және күндіз солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады.
Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, батысында – көктайғақ, шаңды дауыл күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақтобе, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Түнде Алматы облысының кей жерлерінде қатты аяз сақталады.

kyzylorda-news.kz
09 қаңтар 2021 ж. 242 0