Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Оқушылар үшінші тоқсанды қай күннен бастап оқиды?

Оқушылар үшінші тоқсанды қай күннен бастап оқиды?

Мектеп оқушылары үшін 3-тоқсан 6 өңірде – 11 қаңтардан, ал 11 өңірде – 12 қаңтарда басталады. Мұндай ақпаратты ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ведомство мәліметінше, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 29 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, сайлау учаскелері ретінде жұмылдырылған білім нысандары сайлау аяқталғаннан кейін зарарсыздандырылады.
Яғни, 10 және 11 қаңтар күндері дауыс беру жүргізілген аталған нысандарда тазалық жұмысы жүргізіледі.
«Осыған орай 10 қаңтарда зарарсыздандыру іс-шаралары жүргізілгеннен кейін еліміздің 6 өңірінде, атап айтқанда Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарында және Шымкент қаласында 2020-2021 оқу жылының 3-тоқсанында офлайн-режимде белгіленген оқу процесі 11 қаңтарда басталады. Республиканың 11 өңірінде – Түркістан, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында және Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында оқу 12 қаңтарда басталады» деп атап өтеді комитеттен.
Таратылған мәліметке қарағанда, республика аумағында 7 090 мектептің 5 522-сінің, 6 651 балабақшаның 143-інің, 644 орта білім беру мекемесінің 215-інің, 125 жоғары оқу орнының 53-інің, 114 мектеп-интернат, спорт мектебі ЖОО жатақханаларының 22-сінің базасында сайлау учаскесі құрылды.
Сонымен қатар өзге де білім нысандарында (оқушылар сарайы, шығармашалық, үй, музыка мектебі) 12 сайлау учаскесі ұйымдастырылды.

kyzylorda-news.kz
10 қаңтар 2021 ж. 225 0