Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 17 мыңнан астам медицина қызметкеріне үстемақы төленді

Қызылордада 17 мыңнан астам медицина қызметкеріне үстемақы төленді

Өңірде өткен жылы коронавируспен күрескен 16035 медицина қызметкеріне 3 млрд теңге үстемақы төленді. Ал биыл қаңтар айында 1060 денсаулық саласының мамандарына 152,7 млн теңге алды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов мәлімдеді.Індетпен күресіп жүрген аймақтағы медицина қызметкерлеріне үстемақы өткен жылдың наурыз айынан бастап төленіп келеді. Өздеріңіз білесіздер, елімізде шілде айында жағдай күрделенді. Дәл осы айда өңірдегі 3458 денсаулық сақтау саласының маманына бір миллиард теңгеге жуық үстемақы берілді. Бұл жұмыстар биылда жалғасын табуда. Мәселен, қаңтар айында 1060 медицина қызметкеріне 152,7 млн теңге үстемақы төленді, – деді Сәбит Бексейітұлы.
Басқарма басшысының айтуынша, үстемақы төленген медицина қызметкерлерінің басым бөлігі – сүзгі бөлімшелері мен мобильді топ қызметкерлері.

baq.kz
16 ақпан 2021 ж. 347 0