Қызылордаға 80 мың доза вакцина әкелінеді

«Вакцинаны қалай енгізілетіні туралы қосымша жұмыстар жүргізілетін болады. Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға екпе жасалады. 65-ке дейінгі адамдарға салынады. Өйткені, вакцина сол жас аралықтағы адамдарға ғана әсер етеді. Айта кетейін, адамдармен жиі байланыста болғаннан кейін вакцинаны бірінші кезекте өзімде салдырамын», -деді Сәбит Бексейітұлы.
Сонымен қатар, 3500 медицина қызметкерлерінің резерві құрылды. Бұған қоса, облыста 9 ПТР аппараты жұмыс жасап, тәулігіне 1200-1300-ден астам сынама алынуда. Қажеттілік туындағанда зерттеу санын 1900-ге дейін жеткізуге болады.
kyzylorda-news.kz