Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус: Қызылордада инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталуға жақын

Коронавирус: Қызылордада инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталуға жақын

Қызылорда облысында коронавируспен күрес бағытында қажетті іс-шаралар жүзеге асып келеді.Қазір облыста коронавирус инфекциясына байланысты жағдай тұрақты. Медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеуде.
Аймақта 3500 медицина қызметкерінің резерві жасалған. Қызылорда қаласында 200 адамға арналған модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы жүргізілуде.
Көпбейінді облыстық ауруханада және Қазалы ауданаралық ауруханасында демеушілер есебінен оттегі станциясы салынуда.
«Тез соғылатын модульді инфекциялық аурухананың құрылысы жақында аяқталады. Онда науқастардың ем алуына толық жағдай жасалады. Емдеу орнында жергілікті дәрігерлер қызмет атқарады», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов.
Жыл басында облыста өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратының саны 76 болған еді. Қазіргі таңда оның саны 244 данаға жетті.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аймақта коронавирус дерті асқынған жағдайда 21 инфекциялық және провизорлық емдеу орны қайта ашылады. Жалпы саны - 3 мың орын.
Аймақта медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейі артып келеді. Жергілікті бюджеттен 4 флюро және 6 дана стационарлы рентген аппаратын сатып алу жоспарлануда.
Шілде айынан бастап емханалар деңгейінде қала, аудан әкімдіктерімен бірлесіп, үй жағдайында дәрігерлік және динамикалық бақылауды қажет ететін 161 мобильді бригада ұйымдастырылды.
Оның әрбірі 5 мың адамға қызмет көрсетті. Бригадалардың 38-і қалада болса, 28-і аудан орталықтары және 95-і елді мекенде жұмыс жасады. Жедел жәрдем қызметіне жергілікті бюджет есебінен лизинг арқылы толығымен жабдықталған 40 жедел жәрдем реанимобилі жеткізілді.
Одан бөлек, 2 жылжымалы медициналық кешен кілті Жалағаш, Қармақшы аудандық ауруханаларына тапсырылды.
Қызылорда облысында коронавирус және вирустық пневмония бойынша науқастарды емдеумен айналысқан жергілікті медицина қызметкерлеріне тиісті үстеме ақы төленді.
Қызылорда облысында наурыз-қараша айларында осы мақсатта тиісті жұмыстарды атқару барысында ерекше белсенділік көрсеткен 15 082 қызметкерге 2 834 643,3 теңге төленді. Оның ішінде қараша айында аймақтың 825 медицина қызметкеріне жалпы сомасы 138 734,4 мың теңге үстеме ақы берілді. Өңірдің медициналық қызметкерлерге үстемеақыға әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
www.kazinform.kz
21 желтоқсан 2020 ж. 501 0