Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада медицина саласының қызметкерлері марапатталды (ФОТО)

Қызылордада медицина саласының қызметкерлері марапатталды (ФОТО)

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова 6 шілде – Елорда күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес денсаулық сақтау саласының бірқатар қызметкеріне мемлекеттік наградалар табыстады.
«Биылғы жылы Елорда күнін мерекелеу коронавирус пандемиясына байланысты күрделі эпидемиологиялық ахуал жағдайында өтуде. Коронавирус індетімен күресте еліміздегі дәрігерлердің көмегімен ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығын ерекше айтқым келеді. Ақ халатты абзал жандар халық игілігіне қызмет етіп, қайсарлық пен мейірімділіктің нақ көрінісін көрсетуде», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласының мамандарын ерекше назарда ұстап, жан-жақты қолдау білдіріп келеді.
Осы орайда, облысымызда медицина саласының 15 қызметкеріне мемлекеттік наградалар тағайындалды.
Атап айтсақ, азаматтардың денсаулығын сақтауда жанкешті еңбек етіп, тынымсыз жұмыс істегені үшін көпбейінді облыстық аурухананың директоры Н.Әмитов «Парасат» орденімен, облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Ә.Әбләзім, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері М.Әлмаханова, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының мейіргері Р.Нұрымбетова «Құрмет» орденімен, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері З.Айдарбекова, облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының дәрігері Ж.Жұмалиев, облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинекологы Д.Нұртазаева, көпбейінді облыстық аурухананың дәрігері Г.Ысқақова «Ерен еңбегі үшін» медалімен, көпбейінді облыстық ауруханасының дәрігері Ж.Жақыпова, Жаңақорған ауданаралық ауруханасының бөлімше меңгерушісі А.Дайрабаева, Шиелі ауданаралық ауруханасының дәрігері А.Ізтілеуова «Шапағат» медалімен, көпбейінді қалалық аурухананың аға мейіргері Н.Мамбекова, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының мейіргері Т.Нұржанова, көпбейінді облыстық аурухананың аға мейіргері С.Өтегенова, Арал ауданаралық ауруханасының бас мейіргері Ж.Қалмағамбетова Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталады.
kyzylorda-news.kz
03 шілде 2020 ж. 744 0