Ләйлә Төрешова жаңа қызметке тағайындалды

Өңір басшысы Ақмарал Әлназарованың жұмысына сәттілік тілеп, облыстық партия филиалы төрағасының Алғыс хатын табыстады.«Қазіргі таңда Ақмарал Шәріпбайқызы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына үміткер ретінде қатысуына байланысты қызметінен өз еркімен босатылды», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Ләйлә Төрешованың еңбек жолына тоқталып өтті. Сонымен қатар, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
kyzylorda-news.kz«Ләйлә Бегалықызы еңбек жолын аудандық мектепте мұғалімдіктен бастап, мемлекеттік қызметте мол тәжірибеден өткен. Ішкі саясат саласында саяси партиялармен, Үкіметтік емес ұйымдармен,Қоғамдық кеңеспен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, этно-мәдени бірлестіктермен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіп, азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуына зор үлесін қосты», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.