Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Jas Otan» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы сайланды

«Jas Otan» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы сайланды

Әлішер Серікұлы Қардашов «Jas Otan» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы болып сайланды.
Бүгін «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс ХIV есеп беру сайлау конференциясы өтіп, онда Әлішер Қардашов «Jas Otan» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы болып сайланды.
Бұған дейін осы қызметті атқарып келген Тілес Талғат Оспанұлы «Jas Otan» Жастар қанаты Орталық хатшылығына жаңа қызметке ауысты.
Атап өту керек Әлішер Қардашов 1996 жылы 25 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Әр жылдарда жастар саясатында түрлі жауапты қызметтер атқарған.
2013-2016 жылдары «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда қалалық бөлімшесінің басшысы.
2016 жылы «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары.
2016-2019 жылдары аралығында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабының заңгері, «Қазақстан жастар конгресі» қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің басшысы, орталық аппарат басшысы.
2017 жылдан «Сана Групп» ЖШС-нің директоры қызметін атқарып келеді.
Қызылорда облысы әкімінің «Сыр үміті» жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына белсене қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты және ҚР Парламенті Сенатының, «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ Кеңесі Төрағасы Д.Н.Назарбаеваның Алғыс хаттарымен марапатталған.
29 сәуір 2020 ж. 747 0