Аралдық балықшы Нұртай Әбенов мемлекеттік наградамен марапатталды
Игі дәстүрге сай Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында еңбегі еленген ел азаматтары марапатталып жатыр.
Наградалардың бірқатарын Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова табыстады. Ел дамуына үлес қосқан 40-тан астам адам жоғары мемлекеттік наградаға ие болды. Марапатталғандар қатарында мәдениет, білім, ғылым, денсаулық сақтау саласы өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен түрлі салада еңбек етіп жүрген ауыл еңбеккерлері бар.
Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
- Егемен ел болғалы отырған 26 белесін тап өткелі отырған бір мың жеті жүзден астам адам жоғары наградаға ие болып отыр. Мұны Тәуелсіздік тұғырын нығайтуға, игілігін еселеуге үлес қосқан азаматтар еңбегінің жоғары бағалануы деп білеміз.
Нұртай Әбенов, III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері:
- Елбасымыздың назарындағы Аралдан келіп тұрмын. Белестерден көрініп жатырмыз. Теңізіміз балыққа толды. Балық аулануда. Соның айғағы ретінде бүгін «Даңқ» орденімен наградталып жатырмын. Елбасымызға рахмет!