Байқоңырда 2 оқушы жоғалып кетті: Аймақ басшысы оқиға орнына жетті

Облыс әкімі баспасөз қызметінің дерегінше жоғалған балдарды іздеуге РФ ІІІБ, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлері және 80 ерікті азамат жұмылдырылған.
Қызылорда қаласынан сүңгуірлер көмекке барды. Бүгін, яғни, 21 ақпан күні тікұшақпен Сырдария өзенінің арнасын қосымша тексеру жұмыстары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Қызылорда қаласынан құрамында 7 адам, 1 кинолог, 1 бірлік техникасы бар іздестіру тобы Байқоңырға аттанды.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова іздеу жұмыстарын бақылау мақсатында Байқоңыр қаласында оқиға орнында жүр. Аталған мәселе аймақ басшысының тікелей назарында.
kyzylorda-news.kz