Қызылордада мал іздеп шығып, адасқан жігіт табылды

Жоғалған азамат Жалағаш ауданы Қаракеткен елді мекенінде 6 қазан күні сағат 14-00 шамасында мал іздеп шығып, қайта оралмаған.
Хабарлама түскен уақытта Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына шығып, Қаракеткен елді мекенінен 22 шақырым қашықтықта орналасқан «Құлжан» фазендасына жетті. Жан-жақты іздестіру барысында жас жігіт табылды.
Оқиға кезінде анықталғандай, ол мал іздеуге шығып, жолдан белгісіз бағытқа қарай кетіп, адасып қалған. Осы оқиғаға байланысты інісін дер кезінде іздеп, аман-есен тапқан құтқарушылар мен кинолог мамандарға Бағдәулеттің ағасы алғыс айтты.
kyzylorda-news.