Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбеде жолға шыққан 6 адам жоғалып кетті

Ақтөбеде жолға шыққан 6 адам жоғалып кетті

Ақтөбе облысында 6 адам бірдей жоғалып кетті. Олардың екеуі ағайынды азаматтар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


47 жастағы Мейірхан Қарақов пен інісі Мейіржан Қарақов жылқыларын іздеуге шыққан. Олардың жанында Әлімжан Есбосынов деген азамат бар. Одан өзге бір үйір жылқыны көргенін айтқан тағы 3 ер адам бар. Олар барлығы екі жыл бұрын жоғалған бір үйір жылқыны іздемек болып жолға шыққан. 1 қыркүйекте үйден шығып, 3 күні хабарласқан. Содан бері байланыс үзілген.
«Өзім шаруа қожалығының басшысымын. Екі балам екі жыл бұрын жоғалып кеткен 33 бас жылқыны іздеп кетті. Негізі бұрын да көрдім деген бағыт бойынша іздеп, табылмаған еді. Соңғы хабар келгенде балаларым Шалқардың үш адамын ертіп алып, УАЗ көлігімен жүріп кеткен. 3 қыркүйекте «байланыс аясында болмаймыз» деп хабарласып, содан бері үнсіз қалды. Олар Шалқардан шығып Ырғыз, Тәуіп ауылы мен Ақеспе елдімекеніне бағыт алған. Арал ауданы жағына қарай кеткен сияқты»,- деді жоғалғандардың әкесі Бақберген Қарақов.
Жақындары жоғалған баларарын тікұшақпен іздеуді сұрап, ішкі істер органдары мен әкімдіктен, төтенше жағдайлар қызметінен көмек сұрады.
«Бір ұлым ауыл шаруашылығы басқармасында жұмыс істейді. Хабар келген соң сұранып, жолға шығып еді. Жолын тосып отырмыз»,- деді Қарақов.
Stan.kz
10 қыркүйек 2018 ж. 2 546 0