Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Швецияда мыңдаған бала жоғалып кетті

Швецияда мыңдаған бала жоғалып кетті

Соңғы төрт жылда Швецияда 4500-ге жуық мигрант бала жоғалып кетті. The Local-дың хабарлауынша, бұл баспана туралы өтінімге депортациялау туралы хабарлама келгеннен кейін орын алған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі vesti-ukr.com сайтына сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, билік өкілдері 4 492 баланың қай жерде екенін білмейді. Бұл тізімде елге өздері және ата-анасымен бірге келгендер де бар. Швецияның көші-қон жөніндегі агенттігінің деректері бойынша 2018 жылдың алғашқы екі айында 223 бала жоғалып кеткен. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш – 152-ге төмен болған. Қазіргі уақытта Швецияда мұндай жағдайларға қатысты заңдар жоқ, сондықтан баспана алуға өтінім беру барысында жоғалып бара жатқан адамдарға не істеу керек екені белгісіз.
2017 жылдың соңында жергілікті омбудсмен балаларға осындай жағдайға байланысты бірқатар ұсыныстарымен баяндама жариялады. Атап айтқанда, ол жоғалғандарды іздестірудің жолдарын және ең алдымен олардың жоғалмауының алдын алуды ұсынды. Дегенмен, ұсыныстардың ешқайсысы қарастырылмаған немесе орындалмаған.
2015 жылы ЕО Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін босқындардың ағыны салдарынан көші-қон дағдарысы ең маңызды мәселелердің бірі болып талқыланды.
baq.kz

20 наурыз 2018 ж. 1 741 0