Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Экологтар қазақстандықтарға қызғалдақ пен бәйшешек сатып алмауға кеңес берді

Экологтар қазақстандықтарға қызғалдақ пен бәйшешек сатып алмауға кеңес берді

«Зеленое спасение» экологиялық ұйымы көктемнің алғашқы күндерімен қатар шығатын гүлдер: қызғалдақтар мен бәйшешектерді жұлуға, сатуға және сатып алмауға шақырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі аталған ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстанда бәйшешек пен қызғалдақ танымал гүлдер болып саналады. Олар өздерінің әдемілігі мен хош иісімен тартымды. Өкінішке қарай, көктемнің алғашқы күндерімен қатар гүлдеп шыққан сәтте оларды жоғалып кету қаупіне байланысты Қазақстанның қызыл кітабына енгізілгеніне қарамастан адамдар бұл гүлдерді аяусыз жұлып, сатады. Тіпті олар табиғатқа зиян келтіріп жатқанын да түсінбейді», — дейді экологтар.
Табиғат жанашырлары гүлдерді баданадан жұлып алған сәтте олар өліп, ендігі жылы сол жерде қайтадан гүлдемейтінін ескертті.
«Егер гүл баданасыз жұлынып алынса да, бұл өсімдікке кері әсерін тигізеді. Бұл гүл тұқымдарының тарауына кедергі жасайды. Ал бадана солып қалады. Себебі, гүлсіз өсімдік дами алмайды. Көктемде гүлдеп шығатын жабайы гүлдерді өзгелер көруі үшін сақтаңыздар. Ең басты ереже — жұлып алмау, сатпау және сатып алмау! Әдемілікпен бөлісудің ең тиімді жолы — фото, видео және сіздің суретіңіз», — дейді экологтар.
Сонымен қатар, олар сирек кездесетін және жоғалудың алдында тұрған гүлдерді жойған үшін 3 АЭК (7 215 теңге, 1 АЭК — 2 405 теңге) көлемінде айыппұл төлеу немесе 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын атап өтті.
09 наурыз 2018 ж. 2 779 0