КТК телеарнасының операторы жоғалып кетті

Жақындарының айтуынша, Олжас Белгібаевты 5 тәуліктен бері іздеп жатыр. Ол сенбі күні кешке киноға кеттім деп шыққан. Осы уақытқа дейін жігіт үйіне келмеген. Оның досының сөзіне қарағанда Олжастың телефоны сөндірулі, әлеуметтік желіде сенбіден жексенбіге қараған түні болған.
Әкесі полицияға хабарлаған. Бірақ әзірге ешқандай нәтиже шықпапты.
Олжас Белгібаевтың әріптестерінің айтуынша, әлеуметтік желілерге хабарлама жасалды, оны іздеуге волонтерлер жұмылдырылды.