Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шығып, қайта оралмаған: Астанада үш баланың ата-анасы іздестіріліп жатыр

Шығып, қайта оралмаған: Астанада үш баланың ата-анасы іздестіріліп жатыр

Астанада үш бірдей кәмілеттік жасқа толмаған қыздардың ата-анасы іздестіріліп жатыр. 32 жастағы Гүлхан Терлікбаева мен Исраилжан Идминов өткен аптада үйден шығып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

12 сәуір күні анасы ортаншы қызын «Встреча» дүкенінің жанындағы даму орталығына алып барған, бірақ үйге оралмаған. Сол күні таңғы сағат 11-ден бастап қыздардың әкесінен де хабар жоқ.
«Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Іздеуге Алматы, Астана және облыстық ІІД-лер жұмылдырылды», – деп хабарланды Астана ІІД баспасөз қызметінен.
Жоғалып кеткен ерлі-зайыптыларды үйде үш қыз күтіп отыр. Үйдің тұңғышы – 7, ортаншысы – 5, ал ең кенжесі небәрі бір жаста.
Желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес, әйелдің бойы 155-160 сантиметр. Үстінде қоңыр пальто, сұр түсті трико мен биік өкшелі қоңыр түсті етік болған. Басында ақ-қара жолағы бар орамалы болған.
Ер адамның үстінде жеңі жоқ сырт киім, ашық түсті джинсы, бауы бар қара етік немесе көгілдір жолақтары бар қара түсті кроссовки болған.
Жоғалып кеткен азаматтарға қатысты қандай да бір ақпаратқа ие адамдар 102 немесе 8 778 102 54 59 телефон нөміріне хабарласа алады.
19 сәуір 2018 ж. 1 787 0