МУЗ-ТВ телеарнасы кастинг жариялады.

Кастингке 16-25 жас аралығындағы жас жігіттер қатыса алады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, продюсердің есімі кейінірек жарияланатын болады. Кастинг 12-13 сәуір күндері сағат таңғы 10:00-де Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өтеді. Өтініштерді casting@muz-tv.ru электронды мекенжайына жолдауға болады.«Егер сен ән айта алсаң, дарынды болсаң және үлкен сахнаны бағындырғың келсе, онда біз дәл сені күтіп отырмыз! Кастингке келіп, өзіңді таныт және таңғажайып бойз-бендтің бір бөлігі бол», - деп жазылған телеарна хабарламасында.
«Қазақтар – әнші халық, сондықта, кастингтің Астанада өтетіні де бекер емес. Қазақстаннан шыққан бұл ұжым танымал продюсердің командасында және МУЗ-ТВ телеарнасының қолдауымен ресейлік шоу-бизнесте үлкен биіктерге қол жеткізеді деп сенемін», - деді МУЗ-ТВ телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияров.