Қызылорда: 10 миллион теңге несие алып беруге уәде еткен алаяқ ұсталды

Алаяқ жәбірленушіге «Актив центр» орталығынан несиеге «Айфон-11» маркалы ұялы телефонын алдыртып, 400 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Зардап шегуші көп ұзамай алаяқтық құрбанына айналғанын түсінеді.
«Дерек Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігі бойынша (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену) тіркелген. Жүргізілген жедел-іздестіру қорытындысына сай қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен 44 жастағы азаматша ұсталды. Қазіргі таңда, күдікті толықтай өз кінәсін мойындап, оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
kyzylorda-news.kz