Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Лотереяның құмар ойындардан айырмашылығы неде?

Лотереяның құмар ойындардан айырмашылығы неде?

Бүгінгі таңда халық арасында оңай табысқа қол жеткізгісі келетіндер қатарының артуы құмар ойындардың танымалдылығын арттыруда. Десек те көптеген адамдар әлі күнге дейін құмар ойындар, бәс тігу және лотереялардың ара жігін ажырата алмайды. Бүгінгі материалымызда біз лотереялардың букмекерден, онлайн казинолардан қандай айырмашылығы бар екенін айтып бермекпіз. лотерея

Лотерея - белгіленген шарттары бар ақшалай немесе басқа да құнды сыйлықтарды ұту үшін тұрғындардың билет сатып алу арқылы ойнайтын ойын түрі. Лотереяда ұтыс мөлшері ойыншылардың санына байланысты, әдетте мұнда жеңіске жету мүмкіндігін болжап білу мүмкін емес.

Бәс тігу және казино - белгілі бір шарттардың негізінде ойыншылардың өз еріктерімен төлеген ақшаны ұтылып қалуға келісіп, қаржылай жүлдеге кенелуі үшін ойнайтын құмар ойын түрлері. Мұнда жеңіске жету немесе жеңіліс табу кездейсоқтыққа байланысты, көп жағдайда бәс тігу қандай да бір оқиғаға немесе спорттық жарысқа орай жүргізіледі.

Лотерея ойнауды дағды еткен адамдар көбіне құмар ойындар мен бәс тігуден аулақ болуға тырысады. Тіпті, лотерея сүюші қауым құмар ойындарға қарсы шығатын кездері де бар.

Лотереяның құмар ойындардан қандай айырмашылығы бар?

1. Лотереяда ойыншылар бір-бірімен жарысады

Лотерея қатысушылары билет сатып алу арқылы ойынға қатысады. Олар өз кезегінде кездейсоқ сандар тізбегін дұрыс табулары қажет. Лотереяда жүлде қоры алдын ала белгіленеді, мұнымен қоса, ұйымдастырушылар ойынға қатыстырылмайды.

Құмар ойындарда әрбір ойыншы жеке-жеке ұйымдастырушымен сайысқа түседі. Ұйымдастырушылар ойынға қатысушылардың алдын орап кетуді мақсат етеді.

2. Лотереяда екі жағдайда да ұтылмайсыз

Лотереядан қомақты ұтысқа қол жеткізбесеңіз де, сіздің лотерея билетін сатып алу үшін жұмсаған ақшаңыз қоғамның игілігіне жаратылады. Яғни, лотерея операторларынан түсетін салық елдегі спортты дамытуға бағытталады.

Букмекерлер мен казиноларда жеңілгендердің қаражаты ұйымдастырушылардың қалтасына түссе, лотереяда 50%-ы жүлде қорына, қалғаны лотерея ұйымдастыру мен мемлекетке аударылады.

3. Лотереяда алдын ала болжам жасау мүмкін емес

Лотереяда бәс тігуге қарағанда алдын ала дайындалған ешқандай жоспарлар мен болжамдар болмайды. Мұнда сіз билет пен ондағы сандар тізбегін өзіңіз таңдайсыз, содан кейін ұтыс ойнатылатын күні ойынның нәтижесін білесіз. Жеңімпаздар арнайы сандар генераторының көмегімен анықталады. Ойынның нәтижесіне сыртқы факторлар әсер етпейді.

Бәс тігу мен құмар ойындар ертеңгі күнге ақша қалдыруды талап етеді. Өйткені спортқа бәс тігер кезде қаражатты есептеп, алдағы жарыстарды болжау маңызды. Сонымен қатар, спортқа бәс тігер кезде сол ойын түрінен хабардар болып, оған деген қызығушылық таныту ауадай қажет. Себебі ұтысқа ие болуда осы қабілеттер шешуші рөл атқарады.

Бәс тігуді белгілі бір оқиғаның (мысалы, футбол матчы) орындалуына орай берілген кепіл ретінде қарастыруға болады. Егер бәс тігушінің болжамы орындалса, ол жүлдеге ие болады. Мұнда ұтыс нәтижесі ойыншының дұрыс болжамына тікелей байланысты.

4. Лотереяда ұтыс сомасы бастапқыдан белгілі болады

Лотереяларда жүлде қоры ұтыс ойнатылмай тұрып белгіленеді. Көбіне ұтыс мөлшері билет сатылымынан түскен қаражаттың 50%-ын құрайды. Сондай-ақ, ұтыс ойыншылардың барлығына бірдей есептеледі, билет бағасы да қымбат емес. Осыған орай, лотерея басқаларына қарағанда ойынқұмарлықты арттырмайтынын да айта кеткен дұрыс.

Ал құмар ойындарда жүлде сомасы өзіңіздің тіккен ақшаңызға тәуелді. Бұл дегеніміз - сіздің қомақты сома ұтып алу мүмкіндігіңіз бәс тіккен ақшаңызды жоғалтып алу ықтималдылығына тең болады деген сөз.

5. Лотереядан түскен табыс спортқа бағытталады

Лотерея операторы билеттердің сатылымынан түскен қаражат үшін салық төлейді. Әдетте, салық көлемі 10%, алайда Қазақстандағы жалғыз ресми лотерея операторы "Сәтті Жұлдыз" түсімнің 15%-ын салық ретінде төлеуді ұйғарған. Бұл қаражат спортқа және одан да басқа әлеуметтік шараларға бөлінеді.

Лотерея билеттерінің сатылымынан түсетін қаражат жеңімпаздардың ұтысы ретінде қолданылып, бұған қоса, әлеуметтік шараларға аударылып, лотерея өткізу шығындарын өтейді.

Қазақстанда 2017 жылы заңмен бекітілген жалғыз лотерея операторы бар: "Сәтті Жұлдыз" АҚ. Қазіргі таңда "Сәтті Жұлдыз" АҚ лотереяның 32 түрін ойнатады, олардың 24-і жедел, ал 8-і тираждық лотерея. Бүгінде лотерея операторының келісімшарты бойынша республика аумағында үш мыңнан астам мекеме жұмыс істейді.

Айта кетейік, "Сәтті Жұлдыз" ұйымы лотереяға көптен бері қатысқысы келіп, алайда ойын барысының ұйымдастырылуы жайлы күмәнданып жүргендерге таптырмас мүмкіндік сыйлайды.

"Сәтті Жұлдыз" елімізде алғаш рет ұлттық лотереяның "ішкі кухнясымен" танысуға бағытталған экскурсиялық турлар ұйымдастыруда. Мұнда экскурсияға келушілер лотереяның толық ашықтығын өз көздерімен көріп, жүргізушімен әңгімелесіп, лототронды тексеру мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар, олар тираждың ұтыс ойынын тікелей эфирде бақылап, өздерінің ұсыныстарын білдіре алады.

Экскурсияға "Сәтті Жұлдыздың" сайтында жазылуға болады.

Ескерту. Лотерея ойынын қаражат табу және инвестициялау амалы ретінде емес, ойын-сауық ретінде қарастыру керек. Лотереяға қатысу қаржылық қиындықтарды шешудің амалы бола алмайды. Лотереяны 18 жастан бастап ойнауға рұқсат етілген.

stan.kz
26 ақпан 2021 ж. 537 0