Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жыл басынан бері 15 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталды

Қызылордада жыл басынан бері 15 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталды

Қызылордада жыл басынан бері 15 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Руслан Яғмусов мәлімдеді.
Олардың негізгі бөлігін, яғни 60 %-ін немесе 9 факты парақорлық болса, 20 % немесе 3 факт жымқыру және алаяқтық болып отыр.

«Өндірісте барлығы 44 қылмыстық іс болды, оның 14 сотқа жолданды. Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал сомасы 12 милионнан астам, келтірілген залал толығымен өндірілді», – дейді Руслан Яғмусов.

«Protecting bussines and investments» жобасы аясында инвесторлардың жалпы құны 555,8 млрд теңгені құрайтын 22 инвестициялық (6 шетелдік неше 16 отандық) жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алды.

«Жоба аясында кәсіпкерлерден 62 өтініш келіп түсті, оның 33-і қанағаттандырылды, қалған 29-і бойынша тиісті түсініктемелер берілді. 2020 жылы салық органдарында тіркеу, мемлекеттік жылжымайтын мүлікті жалға беру бойынша тендерге қатысу және жер мәселелері бойынша жоба субъектілері болып табылмайтын 6 кәсіпкерге көмек көрсетілді», – дейді Руслан Яғмусов.

Брифингте барысында қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабына сәйкес 7 ұсыныс енгізілді. Оның ішінде 3 ұсыныс қаралғандығын назарға ұсынып, нәтижесі бойынша 2 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығы айтылды.

kyzylorda-news.kz
02 наурыз 2021 ж. 376 0