Қазақстанда 2021 жылы электр энергиясының бағасы қымбаттайды

Бұрын тарифтер 2020 жылдан 2025 жылға дейін бірдей болатын. Ұсынылған кестеге сәйкес тарифтерді келесідей көтеру ұсынылады:
"Электр энергиясының өзгерген шекті тарифтерін енгізу олар бекітілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады", – делінген бұйрық жобасында.
Түсіндірілгендей, энергия өндіруші ұйымдар шығындарының өсуіне әсер ететін негізгі факторлар:
- жаңартылатын энергия көздеріне жыл сайын өсіп отыратын сыйлықақы;
- валюта бағамының өзгеруіне байланысты импортталатын материалдар мен қосалқы бөлшектерге шығындардың өсуі (қазандық пен турбина, айдау, күл жинау жабдықтары және т.б.);
- "Богатырь Көмір" ЖШС көмірдің өзіндік құнын көтеруі;
- газ тасымалдау бағасының өсуі.
stan.kz