Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық диқандарға 5 пайызбен несие берілмек

Қазақстандық диқандарға 5 пайызбен несие берілмек

Шаруаларға көктемгі егістік жұмыстар үшін жеңілдетілген несие берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Наурыз айының басында Аграрлық несиелік корпорация «Keң дала» бағдарламасы бойынша егіс және жинау науқанын қаржыландыруды бастады. Осы мақсатқа орай республикалық бюджетінен 70 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат жеңілдетілген несие түрінде қазақстандық фермерлерге қол жетімді. Бүгінгі күні 518 фермерлер жалпы сомасы 31,5 млрд теңгеден астам несие алды. Алынған несиенің пайыздық мөлшерлемесі 5% -дан аспайды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта 24,8 млрд теңге құрайтын 1 129 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің несиелік өтінімдері мақұлданды.

inform.kz
12 наурыз 2021 ж. 507 0