Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Маман телефонды қуаттау кезіндегі қателіктерді атады

Маман телефонды қуаттау кезіндегі қателіктерді атады

Сарапшы Қытайдан әкелінген "әмбебап қуаттағыштарды" пайдаланбай, түпнұсқа адаптерлерді пайдалануды ұсынды.

Цифрлы өнімдерді зерттеуші ресейлік маман Эльвина Насибулина телефон батареясының мерзімінен бұрын ескіруіне әкелетін қателіктерді атады, деп жазды "Российская Газета".

Маман смартфонды түнде қуаттағышқа қосып қалдырмауға кеңес берді. Керісінше ұйықтар алдында біраз уақыт бұрын қуаттап, энергияны үнемдеу режимін қосып қоюды ұсынды.

"Телефонды температура тым жоғары немесе тым төмен бөлмеде қуаттамаған жөн", – деп атап өтті Насибулина.
Сарапшы Қытайдан әкелінген "әмбебап қуаттағыштарды" пайдаланбай, түпнұсқа адаптерлерді пайдалануды ұсынды. Сондай-ақ, телефон қуаты толық таусылғанын күтудің қажеті жоқ.

"Батареядағы қуат деңгейі 10-15% болған кезде құрылғыны тоққа қосу қажет. Смартфон батареясы үшін 20%-тен төмендемеген және 80%-тен аспаған қуат деңгейі өте қолайлы болып саналады", - деді маман.

Егер телефон қуаты тез таусылатын болса, параметрден қуат статистикасын тексеру қажет. Айтарлықтай ақау байқалса, бірден жөндетуге апарған дұрыс.

sputnik.kz
15 наурыз 2021 ж. 277 0