Ұйқы қану үшін не істеу керек?
Кей адамдар жастыққа басы тие салысымен ұйқыға кетеді. Егер сіз олардың қатарында болмасаңыз, ұйқыңызды қалай қандыруға болады? Таңертең ояну кейбіреулер үшін өте қиын. Мұндай жағдай болмас үшін ұйықтар алдындағы біраз іске мән беру керек екен.
Бұл мәселені екі әдіспен шешуге болады: сан және сапа. Бірінші әдіс бойынша еш қиындық жоқ. Көп ұйықтасаңыз, таңғы әлсірейсіз. Ал сапаны мына кеңестерге бөліп берейік:
1. Ішімдікке жоламаңыз. Ішімдік ағзаны жайсыздандырады. Сонымен қатар, ағза көп суды қажет етеді. Шамадан көп су ішу, зәр шығаруды үдетеді. Мұндай жағдайда адам түнгі ұйқыны он бөледі.
2. Теледидар алдында отырмаңыз. Тек теледидар емес, телефон, планшет секілді экрандардан алыс болған жөн. Ұйықтар алдында бетіне қарамадым деген күннің өзінде 2-3 сағат бұрын өзіңізден аулақ ұстаңыз. Біріншіден, экранның жарығы мидың қызметін тежейді әрі ұйқы қандыратын мелатонин атты гормонның бөлінуіне кедергі болады. Екіншіден, миға қоқысқа толы ақпараттарды жинап тастайды. Ұйқы алдында артық әңгіменің де қажеті жоқ.
3. Интернетте де отырмаңыз. Бұл тыйым алдыңғы тыйымның бір ұшы десе болады. Аталған қоқысты миға жүктейтін осы – интернет.
4. Жүгі ауыр, мағынасы терең кітап оқымау. Ешкім сізге кітап оқуға кедергі бола алмайды, алайда ұйқы алдында тынышыңызды алатын кітап оқу ұйқыңызды бөледі. Қорқынышты, шытырман оқиға желісін түсіңізде көруіңіз де әбден мүмкін. Миға ең болмағанда түнде тыныштық беруге тырысайық.
5. Ыстық ванна қабылдамау. Жатар алдында ыстық суға түсу қауіпті. Адам ұйықтағанда дене температурасы төмендейді. Денеңізді ұйқыға алдын ала дайындауыңыз керек. Денеге артық күш салмас үшін ыстық ванна немесе душ қабылдамаңыз, ыстық моншаға түспеңіз.
6. Артық тамақ ішпеу. Тойып тұрған «қарынмен» ұйықтау – шектен шыққандық. Жатар алдында өзіңізді емес, асқазаныңызды ойлаңыз. Ұйықтағанда ас қорытуға жеткілікті қозғалыс болмағандықтан, асқазан ауырсынады. Тойып тамақ ішпей, тек жеміс-жидекпен тежеліңіз. Болмаса, аздаған салат, тауық еті және жеміс қосылған аз-кем ірімшікпен асқазаныңызды қуантып қойыңыз.
Бұл тізімдерден сізге ең қиыны гаджеттерден алыстау болар. Бірақ\ ұйқым қансын десеңіз, тәуекелге бел буып көріңіз. Ұйқыңыздың қанық болуы ертеңгі күніңіздің сәтті өтуіне кепілдік болтынын есіңізге саламыз.
massaget.kz/