Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина сәуірдің соңына қарай дайын болады

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина сәуірдің соңына қарай дайын болады

QazCovid-in сынағы жоспар бойынша жүріп жатыр. Клиникалық сынақтың бірінші фазасы наурыз айында, ал екіншісі сәуірде аяқталады
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Отандық QazCovid-in вакцинасының алғашқы өнеркәсіптік партиясы сәуір айының соңына қарай шығарылады.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол вакцина сәуірдің соңына қарай дайын болатынын айтты.

"Алғашқы көлем – 50 мың дозаға дейін, ол одан әрі ұлғайтылады. Сәуірдің соңына қарай алғашқы өнеркәсіптік партия шығарылады деп болжанып отыр", - деді ол онлайн баспасөз мәслихатында.
Асылбеков QazCovid-in сынағы жоспарға сай жүріп жатқанын атап өтті. Клиникалық сынақтың бірінші фазасы наурыз айында, ал екіншісі сәуірде аяқталады.

Ал үшінші фаза былтыр желтоқсан айында басталды.

Еске салсақ, 1 ақпанда Қазақстанда ресейлік "Спутник V" вакцинасын егу басталды. Екпе, ең алдымен, вируспен күресте алғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне салынды.

sputnik.kz

18 наурыз 2021 ж. 277 0