Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Супермаркеттен сатып алуға болмайтын азық-түліктер қандай?

Супермаркеттен сатып алуға болмайтын азық-түліктер қандай?

Қытайлық блогер WeChat-та денсаулықа айтарлықтай зиян келтіретіндіктен супермаркеттен сатып алуға болмайтын азық-түліктер туралы айтып берді, деп жазды РИА Новости.
Блогер дайын ет фаршын сатып алмау керектігін айтады. Оның сөзінше, ол үшін әдетте ет қалдықтары немесе көп мөлшерде май қолданылады.

Сонымен қатар контейнерде сатылатын тұздалған көкөністерді де сатып алмаған дұрыс. Өйткені контейнерге бактерияның түсуі әбден мүмкін және оның сақталу мерзімін ұзарту үшін тұз өте көп мөлшерде қолданылады.
Блогер кесілген жемістер де өз қасиетін жоғалтатынын атап өтті. Қолмен қаптау кезінде оған да бактерияның түсуі қауіпі жоғары. Әдетте кесілген жемістерді сату кезінде шіри бастаған өнімдер қолданылады.

Гриль тауығын сатып алу да ақшаны желге шашумен қатар, деснаулыққа зиян деп есептейді блогер. Оны дайындау үшін де тұтыну мерзімі өтіп кеткен өнімдер пайдаланылады.

Мұздатылған балық әдетте супермаркетте сұранысқа ие емес. Сондықтан олардың көбі сөреде айлап жатады.

Балықты супермаркеттен алмаған жөн дейді ол. Оның балғын не көп тұрып қалғанын анықтау үшін балықтың көзіне қарау керек, балғын балықтың көзі жылтырап, ал сөреде көп жатып қалған балықтікі қанталап немесе ағарып тұрады. Ал етіне қолмен басқанда із қалып қалса бұл да оның кеше ауланбағынын білдіреді.

baq.kz

21 наурыз 2021 ж. 482 0