Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Менингит – алдын алу шаралары

Менингит – алдын алу шаралары

Менингит – бас миы мен жұлынды зақымдайтын, өте майда микробтар – менигококктармен шақырылатын қауіпті жұқпалы ауру.



Менингококкты инфекцияға өте тез таралу, ауыр клиникалық ағым мен жоғары өлім-жітім көрсеткіштерімен сипатталады. Жиі 14 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде 2 жасқа дейінгі балалар ауырады.

Менингококкты менигит жедел басталады, науқастың денесінде бөртпелер пайда болып, қатты бас ауру, құсу, жүрек айну, дене қызуының 39-40°С дейін көтерілуі секілді белгілер пайда болады. Науқас осы ауруға тән кейіпте, яғни мойын бұлшықеттері тырысқан, бас артқа қарай, арқасы түзу, іші тартылып, аяғы ішке қарай жиналған жатады.

Менингококкты инфекцияның қоздырғыш көзі – науқас адам немесе  катаральды белгілері бар бактерия тасымалдаушы. Инфекция негізінен ауалы-тамшылы жолмен түшкіру, жөтелу, әңгімелесу, ұзақ әрі тығыз қарым қатынас арқылы беріледі.

Дер кезінде дәрігерге жүгінбеген немесе емді кешіктіріп алған жағдайда менигит өте қауіпті асқынуларға (кереңдік, эпилепсия, гидроцефалия, бала жетілуінің тоқтауы), кейде өлімге де алып келуі мүмкін.

Алдын алу шаралары: менигиттің кейбір түрлерімен (менингококкты менигит, b типті геммофильді таяқшамен шақырылатын, пневмококк және паротит вирусымен шақырылған түрлері) Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жасалатын алдын ала, доспарлы түрде жасалатын екпелермен сақтануға болады.

Арнайы емес алдын алу шаралары: адам тығыз жиналатын орындарға көп бармау, жөтелу этикетін сақтау (жөтелу кезінде ауызды беторамалмен жабу), қолды жиі сабынмен мұқият жуу, созылмалы фарингит, тонзиллит, ларингит сияқты аурулардан емделу, науқасқа таза ауада көп серуендеу, қоғамдық көліккке сирек отыру, адам көп жиналатын орындарда (дүкен, шаштараз, базарда) ұзақ уақыт болмау, витаминдер мен минералдарға бай азық түлікті пайдалану.

Есте сақтаңыз! Дәрігерге ерте қаралып, емдеу шараларын ерте бастаған – жазылудың кепілі.
reactor.inform.kz​​​
06 маусым 2018 ж. 2 916 0