Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құлақ неге естімей қалады?

Құлақ неге естімей қалады?

Аурудың алдын алу үшін:
Есту мүшесінің қалыпты жұмыс істеуі алдымен тазалық сақтауға байланысты. Ол үшін құлақты сабындап жылы сумен жуып тұру керек. Әдетте, құлақтың сыртқы дыбыс жолының бездерінен құлық бөлінеді. Құлық шаң-тозаң мен зиянды микробтарды ішке өткізбей корғаныштық кызмет атқарады. Дегенмен құлақта құлық көбейсе, адам естімей, керең болып қалуы мүмкін. Сондықтан құлықты ауық-ауық тазалап тұрған жөн. Құлықты тазалағанда қатты, үшкір заттарды пайдалануға болмайды.

Оны қалай емдейді?
Бұл ауруға шалдыққан кез келген науқас дер кезінде дәрігердің қарауында болып, ұсынылған емді үзбей қабылдауға тиіс. Сонымен қатар сурдологиялық орталықтарда клиникалық аудиометр, темпанометр сияқты аппараттар бар. Мұнда 5 жастан бастап құлағы ауыр еститін балаларды қарап, оларға диагноз қойылады. Ем-дом жолдарына кеңес беріледі. Темпанометрдің көмегімен есту қабілеті бұзылған жағдайда және орталық құлақтың сырқатын анықтай алу мүмкіншілігіне ие.
Бұл ауру көбінесе аденоидтен, тамақ-мұрын бездерінің ұлғаюы салдарынан орын алады. Бас сүйек жарақаттанғанда, ми қыртысы қабынса да, қан тамыры склерозға ұшыраса да есту қиындайды. Құлаққа құлық қатып, тесігін мүлдем бітеп тастаса да естілмейді. Бас шайқалса да құлақ естімей қалады. Құлақ ауырғанда, есту нашарлағанда дәрігерге қаралу қажет, олардың кеңесімен есту аппаратын сатып алып, пайдаланған жөн.

Құлақ ауруын халық емі де жазады:
* Құлаққа бір тамшы қара зире майын тамызу керек. Ол құлақты тазалап, ауруын басады. Жарты шай қасық қара зире майын күніне бір рет ішу керек.
* Егер құлағыңызда қандай да бір шу пайда болып, естуіңіз нашарласа, онда күніне 1 рет 1 стақан ыстық құлмақ ішіңіз.
*Құлақтың естімей қалуына лимон да жақсы көмектесе алады. Ол үшін күніне 1 рет 1/4 бөлігін қабығымен жеңіз.
* Күніне бір рет 3-4 тамшыдан құлағыңызға бадам майын тамызыңыз. Бұл емді жүргізудің өзіндік ережесі бар: бірінші күні бір құлағыңызға, екінші күні екінші құлағыңызға тамызасыз, емделу мерзімі — 30 күн.
* Лавр жапырағын ұнтақтаңыз. Оның 2 ас қасығына 1 стақан қайнаған су құйып тұндырыңыз. Шамамен 2 сағаттан соң сүзіп алып, әр құлағыңызға 3-4 тамшыдан тамызасыз. Емді күніне 2 рет жүргізіңіз. Емделу мерзімі — 14 күн.

Құлақ қандай жағдайда естімейтін ауруға шалдығады?
* Айқай-шудың ұзақ уақыт әсер етуінен;
* Есту жүйкесі қызметінің бұзылуынан;
* Уланудан;
* Дәрі-дәрмектерді шамадан тыс ішуден пайда болады.
Ал құлаққа құлық қатқанда немесе құлақ ішіне іріңді жара шыққанда адам уақытша естімей қалуы мүмкін. Сондықтан да бұл дертті емдеу кезінде нақты әрі дұрыс диагноз қою керек. Ал іштен туа біткен кемістікке кей жағдайда хирургиялық ота жасайды.
Құлақ ауруы естуінің нашарлауы түрлі жағдайлардан болуы мүмкін. Құлақтың әртүрлі бөлімдері қабынып ауырады. Сол кезде адам естімей қиналады. Мұрын мен мұрын-тамақ жолдары сырқаттануының салдарынан дабыл қуысына ауаның келуі қиындап, дыбыс өткізгіштік бұзылады. Бұл қабыну ұзаққа созылса, ортаңғы құлақта жапсырма және тыртық пайда болады. Соның салдарынан құлақ көмескі естиді.

elana.kz
20 сәуір 2018 ж. 44 074 0