Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушылар төртінші тоқсанда қалай оқиды – жаңа қаулы шықты

Оқушылар төртінші тоқсанда қалай оқиды – жаңа қаулы шықты

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Құжатта 1 сәуірде басталатын оқу жылының төртінші тоқсанын ұйымдастыру тәртібі көрсетілген.
Қаулыға сәйкес, 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында барлық өңірде оқушы саны 300-ден аспайтын мектептерде оқу дәстүрлі форматта өтеді. Бір сыныптағы бала саны 25-тен көп болмауы тиіс.
Білім мекемесі әкімшілігінің шешімімен саны 15 оқушыға дейінгі топтарда сабақтан тыс жеке оқыту да ұйымдастырылады.
Коронавирус таралуы бойынша «жасыл» және «сары» аймақтағы өңірлерде жалпы білім беру мектептерінде барлық сыныптар аралас форматта оқиды. Бір сыныптағы бала максимум жиырма бес.
«Қызыл» аймақтағы өңірлерде аралас форматта:
  • жалпы білім беру мектептерінде – мектеп алды сынып оқушылары, 1-5 сынып оқушылары,
  • халықаралық мектептерде – 1-7- сынып оқушылары, сыныптағы бала саны ең көп дегенде жиырма бес болуы керек.
9, 11 және 12-сыныптар аптасына алты күн аралас форматта оқиды: пәндердің 70%-і – штаттық режимде, 30%-і – қашықтан (сыныпта 15 адамнан көп болмауы тиіс, «бір сынып-бір кабинет» қағидаты мен маска режимі және санитарлық талаптар сақталуы шарт).

kyzylorda-news.kz
26 наурыз 2021 ж. 614 0