Қазақстандықтар неге шетелден үй алып жатыр?
Жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшылар шетелден үй алып жатқан қазақстандықтардың көбейіп жатқанын айтты. Олар үйдің бағасы арзан болған соң ғана алып жатқан жоқ. Кaz.tengritravel.kz отандастарымыздың басқа елдегі пәтерлерге не үшін қызығатынын анықтады.
Қазақстандықтар қай елден үйді жиі сатып алған
EXANTE инвестициялық компаниясының сарапшысы Андрей Чеботарев қазақстандықтардың елімізде және шетелден екі түрлі мақсатпен үй сатып алатынын атап өтті.
"Иә, шетелде тұру үшін баспана сатып алатын адамдар бар. Бұл олардың жалғыз баспанасы болады, яғни көшіп кетеді. Қазақстаннан кетуді жоспарламайтын, бірақ шет мемлекеттен үй сатып алып қоятындар да бар. Әдетте олар демалу үшін немесе жалға беру, қайта сату және ақша табу үшін инвестиция ретінде алады", - деді Чеботарев.
Түркия статистика институтының деректеріне сәйкес, шетелдіктер арасында жылжымайтын мүлік сатып алу саны бойынша қазақстандықтар тоғызыншы орында тұр. Отандастарымыз биыл 1171 сатып алу шартын жасасқан. Бұл - 2020 жылдағы жалпы саннан 2,8 пайыз жоғары.
Сондай-ақ, қазақстандықтардың арасында Солтүстік Кипр мен Грузиядан пәтер алатындар көбейген.