Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ биылдан бастап электронды форматқа толығымен көшеді - Аймағамбетов

ҰБТ биылдан бастап электронды форматқа толығымен көшеді - Аймағамбетов

ҰБТ-ның электронды форматта өтуіне байланысты білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу үш ай бойы өтеді. Үш айда шағын топтармен түлектер өздері үшін ыңғайлы уақыт пен орында тест тапсырады. Сонымен қатар, ҰБТ-ны екі мәрте тапсыру мүмкіндігі беріліп отыр", - деді министр.

Айтуынша, ҰБТ осы жылдан бастап толықтай электронды форматқа ауыстырылады.

"Бұл жайында екі жыл бойы айтып жүрміз. Бұл қадамға ата-аналар да, түлектер де дайын болды. Жалпы, Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұған дейін тестілеу қағаз нұсқада тапсырылып келді, яғни жауаптарды бояп отыруға уақыт кететін. Енді биылдан бастап электронды ҰБТ-ға көшеміз. Бұл тұрғыда оңтайлы басымдықтар баршылық", - деді ол.
08 сәуір 2021 ж. 554 0