13 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Республиканың басым бөлігіне антициклон жотасының ықпал етуіне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек оңтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте найзағай, бұршақ болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.