Суды қай уақытта ішуге болмайды?
Жатарда су ішкен дұрыс емес. Өйткені ағзаға ауырлық түсіп, адамның түн ұйқысы бұзылады. Ал түнгі ұйқының бұзылғаны жақсы емес.
Бұл жайлы АҚШ диетологы Эрин Палински-Уэйд Eat This басылымына бірген сұхбатында айтты.
Диетологтың айтуынша, жатарда алдында су ішкен адамның тыныш, шырт ұйықтауы қиын. Өйткені кіші дәреті қысып, түнде бәрібір оянуы, төсегінен тұруға тура келеді. Ал ұйқының бұлай бұзыла бергені дұрыс емес.
Ұйқысы жиі бұзылған адамда зат айналымы нашарлап, гипертония мен семіздік ауруына әкелуі мүмкін. Сондықтан ұйқыға жатарға дейін 2-3 сағат бұрын су ішіп алған жөн. Бұл аралықта ағза артық сұйықтықты өңдеп өзі-ақ шығарып тастайды. Ағзада артық сұйықтық болмаса, адам да жақсы ұйықтайды, - деп түсіндіреді Палински-Уэйд.
"Ал таңертең оянған кезде су ішкен пайдалы. Бұл кезде ағза сусырап жатады" деп қосты сөз барысында диетолог.
massaget.kz