Әскери қызметшілердің жалақысы 70 процентке өседі

«Әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдау мәселесі ел басшылығының ұдайы назарында. Жоғарғы бас қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шешімімен ағымдағы жылы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілердің лауазымдық айлығы 35 процентке артты. Алдағы үш жылда лауазымдық айлықты 70 процентке дейін көтеру жоспарлануда «, – деді Ермекбаев астанада өткен шарада.
Министр әскери қызметшілерді вакциналау мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі кезде 9 әскери медициналық мекемеле екпе егу пункттері ашылды. Сондай-ақ, әскери қызметшілер тұрғылықты жері бойынша кез келген емханада вакцина салдыра алады. Осы уақытқа дейін жеке құрамның 35 проценті коронавирусқа қарсы екпе екті.