Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Суға шомылуға әзір рұхсат етілмейді

Суға шомылуға әзір рұхсат етілмейді

Арнайы белгіленген орындарға суға шомылуға маусым айында рұқсат беріледі. Оған дейін тыйым салынады. Қазірде төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында дария, көл жағалауларында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, рейд ұйымдастырылуда.
Жыл басынан бері облыста 7 адам тілсіз жаудың құрбанына айналды. Оның төртеуі бала. Өткен жылмен салыстырғанда 14,2 пайызға өсіп отыр.
"Департаменттің жедел-құтқару жасағының күштерінде 54 сүңгуір маман мен құралдары 18 бірлік техника, 16 ілмелі мотор, 29 жүзу құралдары бар. Үнемі оқу-жаттығу жиынын өткізіп, мамандардың шеберлігін шыңдаймыз. Техниканың әлеуетін көреміз. Арал теңізінде және көлдерде 4 рет рейд өткіздік. «Қамыстыбас көлінің 3 учаскесіне», «Райым көліне», «Лай көліне» барып балықшыларымен «Судағы қауіпсіздік ережелері» мен «Судағы зардап шеккен адамдарды құтқару және оларға дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыптарын түсіндіріп, дәріс оқыдық, үн парақ тараттық. Қазір күн жылынды. Енді дарияға шомылушылар көбейеді. Маусым айына дейін рұқсат жоқ екендігін қаперге ұстасаңыздар. Әсіресе, балаларға абай болу керек",- деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қайрақбаев.

"Толқын" ақпарат 
07 мамыр 2021 ж. 447 0