11 мамырда ауа райы қандай болады?

Қазақстаның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түсіп, найзағай ойнап, жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Жамбыл облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15- 20 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.
Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде Маңғыстау облысында жел 15- 20 м/с жылдамдықпен соғады.
Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15- 20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды, бұршақ жаууы ықтимал. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрады.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, тауда найзағай ойнайды.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 1 градус үсік жүреді. Қызылорда облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
kyzylorda-news.kz