Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазгидромет: Еліміздің көптеген өңірінде бұршақ жаууы ықтимал

Қазгидромет: Еліміздің көптеген өңірінде бұршақ жаууы ықтимал

Бүгін маусымның 2-сі күні атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығысында мол көлемде жаңбыр жауады, тек республиканың батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейіп, дауыл болуы, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз дауыл тұрады, желдің күші секундына 15-20 метр болады, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.
Сондай-ақ бұршақ жаууы да мүмкін. Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ жаууы да мүмкін.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз бірқатар аумақтарда дауыл болып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы облысының кей жерлерінде найзағаймен бірге жел күшейеді, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ жаууы да мүмкін.
Батыс Қазақстан, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде күндіз найзағаймен бірге 15-20 м/с жылдамдықпен жел ұйтқиды.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Павлодар облысының кей жерлерінде - найзағай ойнап, тұман түсіп, 18 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қарағанды облысының бірқатар аймақтарында тұман түседі.
Күндіз кей өңірлерде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-қа жетеді.
Атырау облысында күндіз қатты күн ысиды.
Ақтөбе облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау облысында да солай.
https://kaz.caravan.
02 маусым 2019 ж. 1 085 0